×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

Атың шықпаса, баға өсір: Қазақстан тауарлардың қымбаттау көрсеткіші жөнінен ЕАЭО-да көш бастады

21.06.2022, 14:48
фото: ашық дереккөзден

Мамыр айында Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) бағаның өсу көрсеткіші бойынша көш бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2022 жылғы мамырда сәуірмен салыстырғанда тұтыну бағаларының индексі Қазақстанда – 101,4%, Беларусьте – 100,7%, Қырғызстанда – 100,3%, Армения мен Ресейде 100,1% болды, - деп жазылған хабарламада.

Бюро дерегінше, биыл мамырда ЕАЭО-ға мүше елдерде жылдық инфляция Ресейде – 17,1%, Беларусьте – 17%, Қазақстанда және Қырғызстанда – 14%, Арменияда – 9% деңгейінде.

Тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындар бір жылда Ресейде – 22%-ға, алкоголь мен темекі Беларусьте – 17%-ға, ал тұрғын үй шаруашылығы тарифтері 14%-ға қымбаттаған.