×
468.45
489.06
7.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.45
489.06
7.66

Қазақ журналистикасының ардагері Байдулла Қонысбек өмірден өтті

22.06.2022, 09:44
фото: ашық дереккөзден

Қазақ журналистикасының ардагері Байдулла Қонысбек бақилық болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Байдулла Қонысбек ұзақ жыл Оңтүстік Қазақстан облыстық облыстық телерадио хабарларын тарату комитетінде, облыстық телерадио компаниясында төраға қызметін атқарған. «Аталар сөзі»,  «Біздің жанұя» газеттерінде бас редактор болды. «Оңтүстік Қазақстан» газеті бас редакторының бірінші орынбасары қызметінде жүріп зейнетке шықты.

Ардагер журналист өңірдің қоғамдық саяси өміріне белсенді араласты. Ол «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан аймақтық филиалының төрағасы, «Сайлауды қадағалау» жөніндегі РҚБ-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы болды.

Журналистика саласында жұмыс жасаған жылдарында көптеген шәкірттерге ұстаздық, тәлімгерлік жасап, олардың тілшілікті жетік игеруіне қолынан келгенше қолдау көрсетті. 

«Биік мұрат», «Бетпе-бет», «Ұрпаққа ұлағат», «Асыл жүрек», «Алуан-алуан жүрек бар» деген кітаптары жарық көрген. 

Байдулла Қонысбек «Құрмет белгісі» орденімен, «Ерең еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Қазақстанның Құрметті журналисі, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы еді.

Әріптестері марқұмның отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.