×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Қазақстан-Ресей шекарасындағы 5 шақырымдық көлік кептелісінің себебі айтылды

22.06.2022, 12:09
фото: ашық дереккөзден

Кеше әлеуметтік желілерде Қазақстан-Ресей шекарасындағы 5 шақырымдық көлік кептелісінің видеосы тараған еді. ҰҚК Шекара қызметі осы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, расында да шекарада ресейліктердің саны артқан, бірақ бұл – мереке күндеріне байланысты болған жағдай.

«11 маусымда Ресей күнін мерекелеуге және 12-13 маусым демалыс күндері деп жарияланғанына байланысты, Қазақстан мен Ресей шекарасында Қазақстанға туыстарымен көрісуге, демалуға келетін ресейліктер саны аздап өсті. Осыған байланысты қазақстандық бақылау-өткізу бекеттерінде қызметкерлер саны көбейіп, өткізу штаттық режимде жүргізілді», - деп түсіндірді ведомстводан.