×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

Депутат министрден мұғалімдерге берешек 30 млрд теңгені төлеуді талап етті

22.06.2022, 14:35
фото: ашық дереккөзден

Халық қалаулысы Юлия Кучинская Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің атына депутаттық сауал жолдап, мұғалімдердің айлығын кешіктермей төлеуді сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутат мәжілісмендерге мұғалімдерден көптеген өтініштер түсіп жатқанын жеткізді. Оның сөзінше, педагогтар айлықтары, еңбек демалысының ақысы, емделу өтемақысы кешігіп жатқанын айтып, көмек сұраған.

1 маусымда елдегі 300 мыңдай мұғалім жазғы еңбек демалысына шыққан. Сіздің ведомство мамандарының бюджет жоспарлауға салғырт қарауының салдарынан қаражат тапшылығы туындап отыр. Оның саларынан педагогтердің бір бөлігі мамыр айының айлығын толық көлемде ала алмай отыр. Оның үстіне еңбек демалысының ақысы мен емделу өтемақысының қарызы 30 млрд теңгеге жеткен. Педагогтердің бұл шағымы әділетті болғанына қарамастан, министрлік жұмған аузын ашпай отыр, – деді мәжілісмен.

Юлия Кучинская Асхат Аймағамбетовтен аталған мәселені шешуді сұрады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оқу-ағарту министрі  Павлодар облысының ұстаздарымен кездесуінде ауыл мұғалімінің жалақысы қанша екенін айтқан болатын.