×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

Ауғанстанда жойқын жер сілкінісінен 280 адам қаза тапты

22.06.2022, 15:14
фото: ашық дереккөзден

Ауғанстанда жойқын жер сілкінісі болып, салдарынан 280 адам қаза тапты. Тағы 600 адам түрлі жарақат алған, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz Bakhtar агенттігінің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.

Al Jazeera телеарнасының АҚШ-тың геологиялық қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, 6,1 баллдық жер сілкінісі шамамен 51 шақырым тереңдікте болған. Оның ошағы Ауғанстанның шығысындағы, Пәкістан шекарасына жақын маңдағы Хост қаласынан шамамен 44 шақырым жерде орналасқан.

"Пактика мен Хост провинцияларында болған жер сілкінісінің салдарынан 280 адам қаза тауып, 600-ден астам адам жарақат алды", - деп жазды Bakhtar агенттігі әлеуметтік желідегі парақшасында жергілікті билікке сілтеме жасап.

Ел билігі қаза тапқандар саны артуы мүмкін екенін айтты.