×
468.45
489.06
7.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.45
489.06
7.66

ArtSport: Бұдан былай балалар қатарынан бірнеше үйірмеге қатыса алмайды

22.06.2022, 17:27
фото: ашық дереккөзден

Елімізде ArtSport бағдарламасының жұмысы тоқтамайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Абаевтың сөзінше, бағдарлама жүйелі түрде жұмыс істеуі үшін 97 млрд теңге қажет.

Бүгінгі әңгіме шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесінің әрі қарайғы жұмысына қатысты. Бүгінде 495 мың бала 15 мың үйірме мен секцияға барады. Оған 32 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінді. Жыл соңына дейін қосымша 97 млрд теңге қажет. Айтылатын сын мен қойылатын сұрақтардың алдында бір ғана дүниені айтқым келеді: «Артспорт» – бұқаралық спортты дамытудың жалғыз механизмі емес, - деді министр.

Сондай-ақ, ол спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерінің бағасы қайта қаралатынын атап өтті.

"Бұл қадам бағдарламаның ауқымын кеңейтеді. Екінші – мемлекеттік спорттық, шығармашылық және қосымша білім алу тапсырыстарының аясында спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелеріне бір ғана өтініш беру қағидасы енгізіледі", – деді Абаев.

Министрдің айтуынша, қазір бір бала қатарынан бірнеше секцияға шығармашылық үйірмеге баруы мүмкін. 

"Көпшілікті қамту мақсатында біз тек бір секцияны ғана ұсынамыз", – деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Art Sport бағдарламасы аясында әр бала бір спорттық және бір шығармашылық үйірмеге тегін қатыса алатын. Енді бұл мүмкіндік шектелмек.