×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Елорданың қай учаскелерінде суға түсуге рұқсат етілген

23.06.2022, 09:33
фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда тыйым салынған орындарда шомылу деректері азаяр емес. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ратбек Демеуберген айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астанада шомылуға тыйым салынған 21 учаске бар. Олардың қатарында – Шұбар, Газмашаппаратура және Тельман тұрғын алабындағы, Триатлон паркі, Депутаттық қалашық маңындағы Есіл өзені, сондай-ақ Қарасу өзені, Ақбұлақ өзені, Нұра-Есіл арнасы және тағы басқасы бар.

Суға түсуге рұқсат етілген 3 учаске: «Орталық қалалық жағажай», «Три пескаря» және «Астаналық аула» демалыс аймақтары.

Сондай-ақ қазір Ш.Бейсекова көпірі жанындағы орналасқан коммуналдық жағажайға қатысты әкімдік қаулысына толықтыру енгізу жұмысы басталды. Суға шомылу маусымы басталғалы құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Алайда мамандар ұсынысына құлақ аспай, белгіленбеген жерде шомылу азаяр емес.

«Атқарылған жұмыстарға қарамастан, бүгінге дейін елорданың су айдындарында 3 адам суға кетті, оның үшеуі де – бала. Былтыр осы аралықта 2 адам суға кетіп, көз жұмды, оның ішінде біреуі – бала. Қаза болу фактілері суға шомылуға тыйым салынған және арнайы жабдықталмаған су айдыны аумағында тіркелген. 2022 жылы 4 адам құтқарылды. Алайда серуендеуге шыққандар құтқару қызметкерлерінің ескертуін елемей, оларға дауыс көтеріп, намысын таптайтындар, сол сияқты тыйым салу белгілері мен стендтерді бұзатындар бар», - деді Ратбек Демеуберген.