×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Табысты жекешелендіріп, шығынды ұлттандыру: "Бәйтерек" ресейлік банкті сатып алмақшы

23.06.2022, 14:14
фото: ашық дереккөзден

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі "Сбербанк Қазақстан" АҚ-ты сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатқандығын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, "Сбербанк Россия"  "Сбербанк Қазақстанды" сату туралы шешімді санкциялық шектеулерге байланысты қабылдаған.

"Шынында да, қазіргі уақытта "Сбербанктің" сатылымы талқылануда. Бұл банк санкциялардың СДН деп аталатын тізіміне енгізілді, бұл іс жүзінде банк шетел валютасында, яғни санкцияларға сәйкес тыйым салынған валюталарда операциялар жасай алмайтындығын білдіреді", – деді ол.

Әбілқасымбова банктің шетелдік корреспондент-банктердегі корреспонденттік шоттары жабылғанын, сондай-ақ жаңа қаржыландыруды тарту мүмкіндігі шектелгенін еске салды.

Қаржы вице-премьер-министрі Ерұлан Жамаубаев  "Бәйтерек" холдингімен банкті сатып алу туралы келіссөздер жүргізілгенін атап өтті. Бірақ Қазақстан Үкіметі келіссөздер процесіне қатыспайды.

Көпшіліктің пікірінше, бұл мәміле кірістерді жекешелендіру және шығындарды ұлттандыру сияқты.

Айта кетейік, бұған дейін "Сбербанк" басқарма төрағасының бірінші орынбасары Александр Ведяхин "Бәйтерекпен" келіссөздер оң өтіп жатқанын, ал мәмілені 5-10 шілдеге дейін жабуға болатынын хабарлаған болатын.