Еуропол адам саудасына қатысы бар онлайн-ресурстарды анықтады. Зардап шеккендердің арасында Украинадан келген босқындар да бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz vesti.ua-ға сілтеме жасап.
Қылмыскерлер босқындар үшін "жарқын болашақ" деген желеумен құрбандарды азғырып, оларды жыныстық құлдыққа тартқан. Кем дегенде 9 адам зардап шеккені атап өтілді.
Күдікті әрекеттер көптеген платформаларда, соның ішінде орыстілді порталдарда анықталды. Нәтижесінде Еуроодақ елдерінің 93 құқыққорғаушысының қатысуымен 15 тергеу басталды.