×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Қазақша мүдірмей сөйлейтін қара нәсілді жұртты тәнті етті (ВИДЕО)

24.06.2022, 12:13
видеодан алынған кадр

Қазақша әндетіп, мемлекеттік тілімізде мүдірмей сөйлеген африкалық азамат желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Елордасы – Астана,

Ел жүрегі – бас қала!

Жайна, жайна астана,

Әнге қосам мақтана!”, – деп әндеткен қара нәсілді Tiktok желісінде кең танымалдыққа ие болды.

Желіге Qarapaym.qazaq деген атпен тіркелген жатжұрттықтың видеосына пікір білдірушілер “Астана” дегеніңнен айналайын, жарайсың бауырым!”, “Осылар қазақ тілін тез үйреніп алады, орыстар 30 жыл болса да әлі меңгере алмай жүр”, “Қазақ тілін үйреніп, сөйлеп жүргеніне мың алғыс, кейбір мәңгүрттеп осы жігіттен үлгі алса екен” деп ризашылықтарын жеткізген.