×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Зорлық-зомбылық белгілері бар: Алматыда жоғалған жасөспірімнің денесі табылды

24.06.2022, 14:42
фото: ашық дереккөзден

Алматыда жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірімнің денесі бау-бақшалардың бірінің аумағынан табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оның жоғалғаны туралы хабар полицияға 23 маусымда келіп түсті.

Ведомствоның мәліметінше кәмелетке толмаған баланың орналасқан жерін анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылған.

“Күндіз бау-бақшалардың бірінің аумағында зорлық-зомбылық белгілері бар хабар-ошарсыз жоғалған адамның мәйіті табылды”,- делінген полиция хабарламасында.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен 16 жастағы жігіт ұсталды.

“Күдікті жанжалдан кейін досын өлтіргенін айтты. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Сараптама тағайындалды”,- деп қосты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.