×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

30 млрд теңгенің жыры: Аймағамбетов министрлікті айыптаған депутатқа жауап берді

24.06.2022, 18:08
фото: ашық дереккөзден

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Мәжіліс депутаты Юлия Кучинскаяның мұғалімдерге демалыс және сауықтыру төлемдері кешіктірілгені жайлы сынына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аймағамбетовтің сөзінше, мұғалімдерге берілетін төлемдер – жергілікті атқарушы органдардың тікелей құзыреті.

"Мұғалімдерге, балабақша тәрбиешілеріне барлық төлемді Оқу-ағарту министрлігі жасамайды. Сондықтан республикалық орталық органның мұғалімдерге тікелей қарызы бар деп айту мүлдем дұрыс емес. Құзіреттіліктің бөлінуін біліп, мұндай сөз қандай мақсатпен айтылатынын білмеймін. Барлығы бұрыннан барлық құжатта бекітілген", - деп түсіндірді министр.

Оқу-ағарту министрлігі бақылау функцияларын атқарады. Мониторинг кезінде министрлік бірқатар өңірде төлемдер кешіктірілгенін анықтаған.

"Кешіктіру барлық аймақта болған жоқ. Кейбіреуінде төлемге қатысты проблемалар болды. Егер жағдай барлық жерде болса, онда орталық органның проблемасы деп айтуға болады. Біз жергілікті органдардың сомасын анықтадық. Оларда мұғалімдерге төлем жасауға ақша бар, бірақ бюджеттегі түзетулерге байланысты кідіріс болған. Қазір төлемдер жүріп жатыр, кешегі күнге 8 миллиард теңге қалды. Біз жағдайды бақылап отырмыз", - деді Аймағамбетов.

Еске сала кетейік, халық қалаулысы Юлия Кучинская қазақстандық мұғалімдердің бір бөлігі мамыр айының жалақысын ала алмай жүргенін айтып, министрден педагогтерге берешек 30 млрд теңгені төлеуді талап еткен.