×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Африкалыққа тұрмысқа шыққан қазақ қызы ана атанды

27.06.2022, 09:16
фото: әлеуметтік желіден

Өткен жылдың күзінде Нигерия азаматы Джессиге тұрмысқа шыққан Атырау қаласының Заида есімді тұрғыны ана атанды. Ерлі-зайыптылардың ұлы болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Отбасындағы бұл қуаныш жайлы Заида  Instagram-дағы парақшасында сүйіншіледі. Оның айтуынша, ол 23 маусымда, туған күнінен бір ай өткен соң ана болды.

"Енді біз үшеуміз...Менің туған күнім – 23.05, сәбиіміздің туған күні – 23.06", - деп жазды ол.

Сондай-ақ, Заида сәбиге қандай есім қойылғанын айтты.

"Біздің отбасымыздың тұңғышын таныстырып өтейік, Әнуар Айдын Жексенұлы. Onuora Ayden (Onuora Eiden). 23.06.2022. Афроқазақ", - делінген жазбада.