×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

27.06.2022, 10:12
фото: ашық дереккөзден

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті ауа райына қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

26 маусым күні Алматыда сынап бағанасы 36 градусқа дейін көтеріледі. Осыған байланысты, қалалық ТЖД өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарын күн сәулесінен қорғану үшін серуендеуден бас тартуға шақырды.

«Аптап ыстық адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Бұл жүрек-қан тамырлары ауруларынан, гипертониядан зардап шегетіндерге, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдарға ерекше қауіп төндіреді. Жаяу жүруді шектеңіз, көп қимыл-әрекет жасаудың қажеті жоқ. Дәрігердің ұсыныстарын қатаң сақтаңыз және тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақытында қабылдаңыз. Артериялық гипертониямен ауыратын адамдар қан қысымын үнемі қадағалап отыруы керек», делінген қалалық ТЖД хабарламасында.