×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Назарбаев әуежайының атауын өзгерту ұсынылды

27.06.2022, 10:52
фото: ашық дереккөзден

Қазақстандықтар Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  Instagram желісіндегі @abzhannews парақшасына сілтеме жасап.

Әуежай ауданында орналасқан Майбалық ауылының тұрғындары әуежайға екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтың есімін беруді сұрап отыр.

9 мамырда қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров дәл осындай бастама көтерген болатын.

Айта кетейік, елорда әуежайы 1930-1961 жылдары "Ақмола", 1961-1992 жылдары "Целиноград", 1992-1998 жылдары "Ақмола", 1998-2017 жылдары "Астана" деп аталды. 2017 жылғы 21 маусымда Астана әуежайы сол кездегі президенттің құрметіне Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы болып өзгертілді.