×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

ҰБТ: 262 талапкер аудиториядан қуылды

27.06.2022, 17:22
фото: ашық дереккөзден

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ның аралық нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Республика бойынша негізгі ҰБТ-ға 290 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Алты аптаның ішінде 220 мың рет тест тапсырылған:

– 68% талапкерлер шекті балл жинады;
– 66 балл – орташа балл;
– 669 ерекше білім беру қажеттілігі бар бала қатысты.

Тыйым салынған заттарды алып өтпек болған тестілеуден өту мүмкіндігінен 267 талапкер айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 262 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды.

Естеріңізге сала кетейік, талапкерлер ҰБТ аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сертификат апелляцияның шешімінен кейін тестіленушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.