×
472.17
495.5
7.57
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.17
495.5
7.57

Қазақстандық заңгер Тигран Кеосаянды сотқа берді

28.06.2022, 15:27
фото: ашық дереккөзден

Белгілі заңгер Жангелді Сүлейманов Қазақстан жайлы сыңаржақ мәлімдемелерімен танылған ресейлік журналист Тигран Кеосаянды сотқа берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Заңгердің пікірінше, Кеосаян қазақтардың намысына тиетін сөздері үшін заң алдында жауап беруі керек.

"Кеосаян бүкіл халқымыздың намысына тиді, ол сөзсіз. Бұл істегі ұстанымы үшін СІМ-ге рахмет. 

Бірақ қазақтар да жауап беруі керек. Заңға сәйкес, жауап беруші шетелдік азамат болса да, мұндай істер бойынша Қазақстан сотына арыздануға болады. 

Кеше мен Алматы қаласы, Алмалы аудандық сотына осындай шағым түсірдім. Соттан сұрайтыным тек бір нәрсе. Кеосаян айтқан сөзін теріске шығарып, ютуб арнасына жаңа видео жарияласын. Одан басқа ештеңе қажет емес", - деп жазды заңгер Facebook-тегі парақшасында.

Еске сала кетейік, ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаян Қазақстанға сес көрсете сөйлеген видеосы тараған еді. Ол "Украинаға қарап, жақсылап ойланыңдар, оң-солдарыңды дұрыстап таныңдар" деген мағынада үн қатқан болатын.

Көп ұзамай Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ресейлік журналистің даулы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген еді.

Елімізге сес көрсеткен Кеосаян жуырда тағы да шулы мәлімдеме жасап, қандай да бір шектеулерге қарамастан Қазақстанға келетінін айтты.