×
475.51
464.15
8.2
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
475.51
464.15
8.2

Екі жолаушы такси жүргізушісін қарумен қорқытып, тонап кеткен

29.06.2022, 18:07
фото: ашық дереккөзден

Шымкенттің екі тұрғыны такси жүргізушісін жұрт назарына түспейтін жерге дейін қарумен қорқытып апарып, тонап кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Отырар” арнасының мәліметінше, күдіктілердің бірі тауып алған тапаншасын өзімен алып, такси жүргізушісін қорқытқан. Алайда межелі жерге жеткен соң, таксистің ақшасы жоқ екені анықталады. Сол күні бірінші тапсырысын алған зардап шегуші әлі ақша тауып үлгермегенін айтады. Күдіктілер оның қалтасы мен көлігін тексеріп, ақшаның жоқтығына көз жеткізеді. 

Бірақ құр қол қайтпау үшін оны ломбардқа дейін апарып, ұялы телефонын өткізуді талап етеді. Тапанша ұстаған тонаушының бірі таксистпен бірге ломбардқа кіріп, екіншісі көлікте қалады. Зардап шегушінің гаджеті 175 мың теңгеге бағаланады. Арам ойын іске асырған екі дос кейін қаланың екі шетінен түсіп қалады. Ал таксист тапсырысты аяқтаған соң, полицияға шағым түсіреді.

Еңбекші аудандық полиция бөлімшесінің ішкі құрамы күдіктілерді іздеуге толық жұмылдырылды. Полицейлер күдіктілерді бейнебақылау камералары арқылы тауып, қолға түсірді. 

Соттың шешімімен, олардың әрқайсысына үш жылға бас бостандығынан шектеу және жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекпен айналысу жазасы қолданылды.