×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Үндістандық студенттердің суға кетуі: Ақсудағы қайғылы оқиғаның видеосы тарады

30.06.2022, 09:33
видеодан алынған кадр

Түркістан облысында суға кеткен екі үндістандық студенттің Ақсу шатқалында көңіл көтерген сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шетелдік студенттер Ақсу шатқалындағы өзен жағасында демалған. Видеода бір топ жас жігіттің ән салып, билеп жүрген сәті көрініс тапқан.

У-шудың арасында олар достарының бірін қатты ағыстың алып кеткенін аңғармаған. Жас жігіт қарсылық көрсетуге тырысқанымен, ағыс студентті алып кеткен. Суға батып бара жатқан адамды байқаған достар қол ұстасып, көмектесуге тырысқан. Сол сәтте видео үзіліп қалған.

Еске салсақ,  2022 жылғы 26 маусым күні сағат 20.10-да Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Ақсу өзенінде 2001 жылы туған 2 студенттің белгісіз жағдайда суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат жеткен. Әзірге іздестіру жұмыстары нәтиже берер емес.