×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

72 мың теңге: Дәрігерлер мен мұғалімдерге бір реттік төлем тағайындалғаны рас па?

01.07.2022, 15:38
фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде Қасым-Жомарт Тоқаевтыңмұғалімдер, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен отставкадағы полицейлерге 72 мың теңге көлемінде бір реттік төлем тағайындау туралы қаулыға қол қойғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Stopfake.kz сайтының мәліметінше, хабарламада басты назар аударарлық жайт – оның ресми сайтта немесе беделді БАҚ-та емес, белгісіз аккаунтта жарияланғандығы.

Президенттің ресми сайтында 72 000 теңге мөлшеріндегі бір реттік төлем туралы ақпарат жоқ. 

 

Сонымен қатар осы тектес әлеуметтік көмек жайлы мәлімет Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің де сайтында жарияланбаған. 

Электронды үкімет порталында білім беру, денсаулық сақтау және отставкадағы полицейлерге 72 000 теңге берілетіні туралы ақпарат жоқ.