×
472.68
466.91
8.01
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.68
466.91
8.01

Нығматулиннің ұлдарына тиесілі зауытта екі жұмысшы қаза тапты

02.07.2022, 10:02
Фото: ашық дереккөздерден

Қайғылы оқиға Жамбыл облысының Сарысу ауданында "Қазфосфат" компаниясына тиесілі комбинатта болған

Оқиға 30 маусымда «Қаратау»кен өндіру комбинатында болған, деп КазТАГ.-қа сілтеме жасап  Ulysmedia.kz хабарлайды.

Жұмысшылар фосфор ұнтақтайтын құрылғыны жөндеу кезінде алып аппарат қосылып кеткен екен. Салдарынан екі қызметкер оқиға орнында қаза тауыпты. Қазіргі таңда фосфор ұнтағын шығаратын техниканың қалайша іске қосылып кеткені анықталып жатыр. 

Бес жұмысшының екеуі қайтыс болды, атап айтқанда: Үсен. Наурызбай, 1994 жылы туған, «ҚазФосфат» ЖШС Қаратау тау-кен байыту комбинатында дәнекерлеуші ​​болып жұмыс істейді; 1987 жылы туған Қыдыралиев Айдар «ҚазФосфат» ЖШС Қаратау тау-кен байыту комбинатында слесарь болып жұмыс істейді, - деп хабарлады Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімдігі.

Құрбан болғандардың екеуі де отбасылы. Үсеннің артында кәмелетке толмаған қызы қалса, Қыдыралиевтің төрт баласы бірден жетім қалды.

Полиция қылмыстық іс қозғады.