×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Фермерлер мемлекеттік қызметкерлерден үш есе аз жалақы алады

06.10.2021, 10:00
фото: Ашық дереккөзден

Мемлекеттік қызметкерлер мен топ-менеджмент еңбекақысы фермерлердің жалақысынан кемінде үш есе көп, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Елдегі әр бесінші жалдамалы жұмыскер 90 мың теңгеден аспайтын еңбекақы алады, дейді finprom.kz.

Ұлттық статистика бюросының сәуірдегі зерттеуіне сәйкес, жалдамалы жұмыскерлердің жалпы саны бойынша, 45 мың теңгеден кем жалақы алатын қызметкерлер үлесі бір жылда 1,8%-дан 1,2%-ға дейін қысқарды. Жұмыскерлердің төрттен бірінен көбі 45 мың теңгеден 105 мың теңгеге дейін еңбекақы алады. Ең көбі немесе 36,9% - 105 мың теңгеден 210 мың теңгеге дейін жалақы алатын қызметкерлер. Бұған қоса қызметкерлердің төрттен бірінен сәл көбі 210 мың теңгеден 390 мың теңгеге дейін еңбекақы алады. Ал 390 мың теңгеден жоғары жалақыны жұмыскерлердің 10,7% ғана алады.

Зерттеуге еліміздің ірі компаниялары мен 30% шағын және орташа компаниялар қатысты.

Серіктес жаңалықтары