×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

Дауға іліккен «Базз Лайтер» мультфильмі Қазақстанда көрсетілмейтін болды

14.07.2022, 15:09

«Buzz Lightyear» анимациялық фильмі Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жоспар бойынша аталмыш мультфильм көрермендер назарына 2022 жылдың 14 шілдесінде ұсынылуы тиіс еді.

Ел азаматтары мен БАҚ өкілдері тарапынан шетелдік «Buzz Lightyear» анимациялық фильміне қатысты көптеген сұрақ келіп түсті. Жауабымды осы пост арқылы жеткізуді жөн көрдім. Аталған картина Қазақстан кинотеатрларында көрсетілмейді, – деп жазды Абаев.

Pixar-дың  «Buzz Lightyear» мультфильміне Таяу Шығыс елдерінде, соның ішінде Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерінде тыйым салынды. Мультфильмде екі әйел кейіпкер сүйісетін сахна бар. Әуелде бұл сахна мультфильмнен алынған, бірақ Pixar қызметкерлерінің Disney гомосексуализмді цензуралайды деген мәлімдемесінен соң оны қалпына келтіруге тура келді.