×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Елімізге Украинадан қанша адам көшіп келді

20.07.2022, 12:13
фото: ашық дереккөзден

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға Украинадан 33 адам көшіп келген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Елімізге қоныс аударған украиналықтардың 23-і Алматыда тұрақтаса, бесеуі елордада, тағы бесеуі Маңғыстау облысында тұрып жатыр.

Ресми дерекке сүйенсек, республикамызда 247,4 мың украиналық тұрады. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3,6%-ға аз. 

Қазақстандағы украиналықтардың басым көпшілігі Қостанай облысында (66,6 мың) тұрады. Одан кейінгі орында Қарағанды (36,7 мың) және Ақмола облыстары (29,5 мың адам) тұр. Қызылорда облысында 204 украиналық қоныстанған.

Соңғы үш ай ішінде Қазақстаннан Украинаға 10 адам көшіп кетті. 2021 жылдың сәйкес кезеңінде бұл елге 14 адам кеткен.