×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

Оқушылардың жазғы демалысы екі аптаға қысқаруы мүмкін

20.07.2022, 16:23
фото: ашық дереккөзден

Ел мектептерінде оқу маусымы ұзарып, жазғы каникул мерзімі қысқаруы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің тиісті бұйрығы ашық талқыға шығарылды.

«2022-2023 оқу жылында мектептерге қосымша екі оқу аптасы қосылды. Ол бір күн ішіндегі сабақтар санын қысқартуға, бес күндік оқу аптасын іске асыруға, күрделі тақырыптарды зерделеу қарқындылығын төмендетуге мүмкіндік береді. Жазғы кезеңде каникул күндерінің санын қысқарту - құқық бұзушылықтарды азайту, білім алушылардың шамадан тыс жұмыс істеуі мен сырқаттану деңгейін төмендетуді көздейді», - делінген Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің бұйрығында.

Еске сала кетейік, 2022-2023 оқу жылындағы білім процесін ұйымдастыру мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде сарапшылар оқу жылын маусымның соңына дейін ұзартуды ұсынған.