×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Павлодар мектептеріне Алаш арыстарының есімі берілетін болды

20.07.2022, 17:01
фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысындағы 12 мектепке қазақтың белгілі тарихи тұлғаларының есімі берілмек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Павлодар қаласындағы №20 мектеп-лицейіне - Әлихан Бөкейханның, №34 инновациялық мектебіне - Ахмет Байтұрсынұлының, №1 мектебіне - Малайсары батырдың, №23 мектебіне – Рафика Нұртазинаның, №16 мектеп-лицейіне - Аманжол Шәмкеновтің, №9 гимназия-мектебіне - Шапық Шөкиннің, №28 мектепке - Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, №19 мектепке - Мәшһүр Жүсіптің, №37 мектепке - Жұмабек Тәшеновтың есімі берілсін. Сондай-ақ, Ақсу қаласындағы №1 қазақ орта мектебі - Ыбырай Алтынсариннің, №2 мектебі – Абайдың, Ақсу қаласындағы дарынды балаларға арналған гимназия Қаныш Сәтбаевтың есімімен аталсын», - делінген Үкімет қаулысында .

Айта кетейік, бұдан бұрын Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы қаулы шыққан