×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

Елімізде азық-түліктің қандай түрлері қымбаттады

22.07.2022, 10:21
фото: ашық дереккөзден

Елімізде шілденің басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,5%-ға көтерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бір аптада азық-түлік тауарлары 0,2%-ға қымбаттаған, ал жыл басынан бері баға 17,8%-ға өскен.

Жылдық мәнде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 17,5%-ға көтерілген.

Өткен аптада төмендегі азық-түлік өнімдері арзандады:

  • Қырыққабат – 5,4%,
  • Сәбіз-1,3%,
  • Картоп – 0,6%.

Сондай-ақ төмендегі тауарлар қымбаттаған:

  • Пияз – 2,4%,
  • Күріш – 0,7%.

Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне кіретін кейбір өнімнің орташа бағасы:

  • Сары май – 3 263 теңге/келі,
  • Сиыр еті – 2 202 теңге/келі,
  • Тауық еті – 1 144 теңге/келі,
  • Рожки (таразыдағы) – 260 теңге/келі,
  • Күнбағыс майы – 826 теңге/л.

Айта кетейік, ӘМАТ тізімінде 19 тауар бар.

Айта кетейік, бұдан бұрын ел өңірлерінде қант қаншадан сатылып жатқанын хабарлағанбыз.

Сондай-ақ, Қазақстан қалаларында нан бағасы қанша екенін анықтадық.