×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

«Үмітсіз берешек»: Қаржы министрлігі кімдердің несиесі кешірілетінін түсіндірді

25.07.2022, 11:55
фото: ашық дереккөзден

Елдің несие портфелін мерзімі өткен берешектен тазарту үшін Бюджет кодексіне «Үмітсіз берешек» түсінігін енгізіліп, ол бойынша кредитордың талаптарын тоқтату ұсынылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржы министрлігінің түсіндіруінше, бұл өзгеріс 90-шы жылдардағы өтелмеген қарыздарға қатысты. Жобада борышкерлердің құқықтық жағдайы туралы ешқандай ақпарат жоқ. Әділет министрлігінің деректер базасында да олар туралы ақпараттың жоқ екені атап көрсетілген.

«Осыған байланысты, қолданыстағы бюджет заңнамасы аясында бар берешектерді өндіріп алу, сондай-ақ оларды есептен шығару бойынша одан әрі жұмыс жүргізу мүмкін емес», – делінген министрлік хабарламасында. 

Министрлік мәліметінше, әңгіме халыққа берілген несиелер туралы емес. 90-жылдары тікелей бизнеске берілген бюджеттік кредиттер туралы болып отыр. 

«Мемлекеттен алынған қандай соманы есептен шығаратыны әзірге белгісіз. Бір анағы, қарыз алушылар мен растайтын құжаттарды іздеу жалғасып жатыр. Бірақ жыл басында қарыз шамамен 120 миллиард теңге болған. Ал Үкіметтің талаптарын тоқтату заңмен белгіленбеген» - деді ведомствоның баспасөз қызметі.