×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Ақтауда 10-қабатта терезенің жақтауында ойнаған балалардың ата-анасы жазаланды

27.07.2022, 09:14
видеодан кадр

Ақтауда көпқабатты үйдің терезе жақтауында ойнап жүрген балалардың ата-анасына хаттама толтырылып, айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“КТК” арнасының хабарлауынша, балақайлар ештеңеден қорықпай, емін-еркін терезе жақтауымен бір пәтерден екінші пәтерге кіріп-шыққан. Кейін белгілі болғандай 6, 8 және 9 жастағы балақайлар бір-бірімен көрші тұрады екен. Біреуінің үйінде ата-анасы болмай, қалған екеуі соған ойнауға келіпті. Полиция департаменті қыздардың ата-анасына хаттама толтырып, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

“Оқиға орнына полиция қызметкерлері яғни ювеналды полиция қызметкерлері жіберілді. Балалардың атаанасы қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Кәмелетке толмағандармен, сондай-ақ ата-аналармен алдағы уақытта осындай жағдайларға жол бермеу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді”, – деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық ПД Ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жаннұр Таңатарова.

Айта кетейік, бұдан бұрын елордада 3 жасар бала 13-қабаттан құлап мерт болған.