×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Танымал спортшы алаяқтардың кесірінен 2,3 млн теңгесінен айырылды

27.07.2022, 16:43
фото: ашық дереккөзден

Ақтау тумасы, танымал дзюдошы Айбек Имашев алаяқтарға жем болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Qazaqstan» Ұлттық арнасының «1001 түн» бағдарламасына бейнебайланыс арқылы сұхбат берген спортшы алаяқтардың кесірінен 2 млн 350 мың теңгесінен айырылып қалғанын айтты.

Сөзінше, оқиға Австрияда өтетін жарыс алдында болған. Іссапар қаржысы шотына түсе салысымен, оған өзін ІІМ қызметкерімін деп таныстырған алаяқ хабарласыпты. Әккі оның есеп-шотындағы ақшаны басқа адамның картасына аударып жіберген.

Сіздің атыңызға құжаттар жасалыпты. Сол бойынша қылмыстық іс қозғалуда», деді. Мен ешкімге ешқандай сенімхат берген жоқпын дедім. «Ауырып жатырмын. Емге, операцияға ақша керек» деп банктен сіздің ақшаңызды сұрады. Сол алаяқтарды сіз болып, біз болып қолға түсіруіміз керек» деді, – деп айтты Имашев.

Спортшының айтуынша, әлгі алаяқ Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахмановтың атынан хабарласқан. Ол шоттағы қаражаттың бұғаттаулы екенін айтып, ешкімге ақша аудармауды сұраған. Көп ұзамай, қаржыны бірнеше банк картасына бөліп аударып жіберіпті. 

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын жазғанбыз. Әккілер азаматтарға қоңырау шалып, адамдарды алдап жүрген кредит менеджерлерін ұстауға көмектесуге шақырады. Нәтижесінде азаматтар миллиондаған қаржыларынан айрылып қалуы мүмкін.