×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

Елордада бала ұрған тәрбиеші болмашы айыппұлмен құтылды

28.07.2022, 13:04
фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда балаға қол көтерген балабақша тәрбиешісі 45 мың теңге айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Биыл 7 маусымда елордада жеке балабақшаның тәрбиешісі баланы ұрған (жеңіл дене жарақатын алды). Болған жайтқа қатысты әкімшілік іс қозғалып, тәрбиешінің іс-әрекетіне Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 73-1-бабының 1-бөлігі бойынша «денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» деген құқықтық баға берілді. Сот отырысы барысында айыпты К. өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді», - делінген қалалық сот хабарламасында.

Соттың шешімімен балабақша тәрбиешісі кінәлі деп танылып, 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

«Сот тағайындаған бап санкциясына сәйкес кінәліге 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке қамау көзделген. Сондай-ақ, сот кінәлі К-ның жас баласының болуына және жасаған ісіне өкінуіне байланысты жауапкершілікті жеңілдететін жағдайды қарастырады», - дейді сот өкілдері.

Одан бөлек, елордалық сот Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 50-бабы 2-бөлігіне сәйкес жүкті және 14 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған әйелдерді қамауға алуға болмайтынын атап өтті.

«Осыған орай сот балаға дене жарақатын келтірген тәрбиешіге 15 АЕК көлемінде айыппұл салды (45 945 теңге)», - дейді ведомстводан.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.