×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Алматылық оқушылардың мектеп формасы бекітілді

28.07.2022, 18:07
фото: ашық дереккөзден

Алматылық оқушылар жаңа оқу жылында бірыңғай қою көк түсті форма киюі тиіс. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 «Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, бірыңғай мектеп формасы 2016 жылы бекітілген болатын. Пандемия кезінде оқушыларға еркін киінуге рұқсат бердік. Жаңа оқу жылынан бастап мектеп формасын киеді, яғни – қою көк түсті форма»,- деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар ол ата-аналар мектеп формасын өз қалауы бойынша таңдайтынын атап өтті.

«Мектеп формасын ата-ана өзі таңдайды. Аяқ киімге келер болсақ, классикалық туфли киюге міндеттемейміз. Бала өзіне ыңғайлысын киеді»,- деді Ләззат Жылқыбаева.

Еске салсақ, бұдан бұрын Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елімізде мектеп формасы қалай бекітілетінін түсіндірген.