×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Вакцина алғандар арасында ұтыс: пәтер мен көлікті де Ысқақовтар алды

07.10.2021, 17:15
фото: Ашық дереккөзден

Бүгін астанада вакцина алғандар арасындағы ұтыс ойынында Әсемгүл Ысқақова екі бөлмелі пәтер ұтып алды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа қарсы екпе алып, ұтысқа қатысқандар арасында 75300 нөмірлі Ысқақова Әсемгүл Еркінбекқызы елордадағы басты сыйлық - 2 бөлмелі пәтерге ие болды», - делінген астана әкімдігінің инстаграм парағында.

Бұл туралы Хабар агенттігінің YouTube арнасындағы тікелей эфирде белгілі болды.

Ал бұған дейін өткен тағы бір вакцина алғандар арасындағы ұтыс ойынында көлікті Хайролла Ысқақов ұтып алған болатын.

Серіктес жаңалықтары