×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Шымкентте 24 жастағы бойжеткен алып қашу құрбаны болған

04.08.2022, 09:51
Фото ашық дереккөзден

"НемолчиKZ" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі өзінің Facebook парақшасында 24 жастағы шымкенттік қызды еркінен тыс алып қашу туралы оқиғаны жазды, деп хабарлайды .Ulysmedia.kz..

Дина Таңсәрінің сөзінше, қызды алып қашқан жігіт одан телефонын тартып алып, туыстарына хабарласуына тыйым салған, сонымен қатар қараңғы бөлмеде қамап ұстап, ар-намысын таптаған.

"Бұл - өте ауыр қылмыс! Сұмдық жағдай! Қызыңызды тәрбиелеп, өсіріп, оған бар жақсыны беріп жатырсыз делік. Қызыңыз білім алып жатыр, оның өз армандары мен жоспарлары бар. Бірақ бір күні әлдебіреу оны өзіне керек деп шешіп, қызыңызды еркінен тыс ұрлап әкетеді. Телефонын тартып алып, туыстарына қоңырау шалуға тыйым салады. Ал қыз өзіне тиіспеуін өтініп, көмек сұрайды, қашып та шығады, бірақ оны қайтадан ұстап алады. Үйіне әкелген соң, жігіт қызды түнде үш рет зорлап, ар-намысын қорлап, таптаған", - деп жазады қоғам белсендісі. Дина Таңсәрінің дерегіне сүйенсек, қыздың үйіне жігіттің туыстары қалыңмал алып барған. Бірақ ата-анасы ашуланып, қызын өздеріне қайтаруды талап еткен. "Жігіттің туыстары қызды қараңғы бөлмеде қамап тастаған, олар қызды алуға келгенде, жігіт олар қабылдамай қойған қалыңмалды олардың көзінше санап алған. Жігіт қыз алып қашқаны үшін жауапқа тартыламын деп қорықпайды, түнде оны үш рет зорлап, сағын сындырғанын елеп тұрған жоқ", - деп жазған Таңсәрі желіде.

Оның сөзінше, қыздың ата-анасы полицияға арызданған, бірақ қылмыстық іс тіркелмеген.

"Тергеуші жәбірленушінің іш киімін алып, өзінің тумбочкасында сақтап отыр", - дейді Дина Таңсәрі қыздың ата-анасының сөзіне сүйеніп. Қоғам белсендісінің бұл жазбасына Шымкент қаласы полиция департаменті пікір білдірді.

"2022 жылы 2 маусым күні Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының ПБ-не жергілікті тұрғын өзін танысы тұрмысқа шығу мақсатында ұрлап кеткенін айтып арызданған.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 126-бабы "Заңсыз бас бостандығынан айыру" бойынша тіркелді.

Жәбірленушінің өзі және қылмыстық процестің басқа да қатысушыларының айғақтары бойынша адамды бас бостандығынан заңсыз айыру туралы уәждер расталған жоқ. Осыған байланысты қылмыстық істі Қылмыстық-процестік кодекстің 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қысқарту туралы қаулы шығарылды", - делінген департаменттің ресми хабарламасында.