×
478.39
489.68
7.95
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.39
489.68
7.95

«Нұрәліге қатысымыз жоқ»: Нұрбанк Назарбаевтан іргені неге аулақ салғысы келеді

04.08.2022, 17:00
Коллаж: ulysmedia.kz.

Нұрбанктің баспасөз қызметі Ulysmedia.kz порталында жарияланған ақпаратты түзеп, Нұрәлі Әлиев 2010 жылдан бері банкке еш қатысы жоқтығын атап жазуды талап етеді. Ескерту-хат бірнеше рет қосарлана келген. Әрбірінде «әзірге бейресми бланкімен жазып отырмыз» делінген – емеурін бар. Банк қызметкерлері сонымен бірге басқа бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара келіспеушілікті осылай реттегенін де хабарлайды.

«Баяндалған факттерге сәйкес өзгерістерді енгізуге бола ма? Хатқа фирмалық бланкімен қол қойылған жағдайда одан ары әрекетті заңгерлер жасайды. Басқа БАҚ-пен мәселелерді біз заңгерді тартпай, ресми хатсыз келісе шешкенбіз», - деп ескертеді Нұрбанк пиаршылары.

Атауы «нұрлы», бірақ бұрын кісі өлімі де тіркеліп, құрылтайшысы ауысқан, тарихы даулы банк үшін бұрынғы бастықтан іргесін аулақ салудың маңызы зор секілді. Бұрынғы бастығының тегі Әлиев болса да ол Назарбаевтың дәулетті отбасының ең дәулетті өкілінің бірі болып қала береді.

Бұл жерде әңгіме 20 шілдедегі мақалаға байланысты болып отыр. Ол кезде БАҚ, оның ішінде Ulysmedia.kz порталы қазақстандық банк жүйесіне бюджеттен қалайша көп қаражат бөлінгені туралы ақпарат таратқан. Біз премьер-министрдің сөзіне сүйене отырып, 2017 жылдан бері банк бекемдігін арттыру бағдарламасына сәйкес, Қазақстандағы бірнеше банк ақшаға кенелгенін жазғанбыз.

Бағдарламаның арқасында 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін банктер 767 млрд теңге қосымша провизия құрған. 959 млрд теңгелік қарыз сызылып қалып, жаңадан тағы 2,9 трлн теңге берілген. 2020 жылы төрт банктегі, атап айтқанда АТФБанк, Еуразия Банк, БЦК, Нұрбанктегі активтердің сапасын бағалау қорытындысына сәйкес, 131 млрд теңге көлеміндегі шығын анықталған еді. АТФБанк, Еуразия Банка пен БЦК-да қалған шығындар көлемі 78 млрд теңгені қүраған. Біріккен шығын 209 млрд теңгеге дейін артқан.

Мемлекеттік бағдарламаның жаңа қатысушысы Нұрбанк 47 млрд теңгені 4% 15 жылға алған.

Баспасөз қызметінің қызметкерлері Дариға Назарбаеваның ұлы – Нұрәлі Әлиев Нұрбанктен 2010 жылы кетіп қалғанын айтады. Алайда оның 2008 жылдан бастап Қазақстан Даму банкінде қызмет еткені белгілі. Жалпы Нұрәлінің Назарбаев отбасындағы ең әлеуетті адамның бірі екенін атап өту керек. Ол 19 жасының өзінде «Қант орталығы» компаниясын басқарып, 22 жасында банк басқарған. Осынау жетістігінің өзі Әлиевтің қазақстандық вундеркиндтердің ішінде «бірінші тұрғанын» көрсетеді.

2008 жылы банктің абыройына Әлиев деген тегі бар адамның әрекеті кері әсер етті. Оның негізін қалаушы Рахат Әлиев өз қызметкерлерін өлтірді және сатқындық, Отанған опасыздық бабымен айыпталды. 15 жылдан кейін де Нұрбанкке Әлиев пен Назарбаев атты фамилициялар мүлде жақпай тұрған сыңайлы.