×
478.39
489.68
7.95
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.39
489.68
7.95

Google Translate табыстырды: Қазақстандық бойжеткен мен австралиялық жігіттің махаббат хикаясы

05.08.2022, 10:10
Kennedy News and Media

Қазақстандық бойжеткен австралиялық жігітке тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеме жасаған Ulysmedia.kz.

33 жастағы Мадина мен дарвиндік Мэтью Харбидж 2018 жылы Австралияда танысқан. Олар бірін бірі ұнатып, бір жарым жыл бойы кездесіп жүргенін айтады. Ғашықтар  сөз байласып, үйлену туралы шешім қабылдайды. Десе де пандемия олардың жоспарына кедергі болады. Мадина Қазақстанда қалып қойғандықтан, сүйіктісі оған үйлену туралы ұсынысты онлайн жеткізеді.

2021 жылы Мадина Австралияға көшіп барып, ғашығымен қосылады. Мадина ағылшын тілін айтарлықтай жақсы білмесе де, олар өзара сөздіктің көмегімен ұғынысады. Қазір бойжеткен ағылшынша едәуір жақсы сөйлейтін болған. Ерлі  -зайыпты бір-бірімен ағылшынша сөйлесетінін айтты.