×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Қашағанда мұнай өндіру жұмыстары қайта басталды

10.08.2022, 09:29
Фото: Ашық дереккөздерден

Қашаған кен орнында 9-на 10 тамызға қараған түні жұмыстар біртіндеп қалпына келтірілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Алдағы уақытта жұмыстар кезінде құрлық және теңіз нысандарында тиісті рұқсат шеңберінде шектеулі көлемде газ жағылады. 

"Газ жағу — Қашаған кен орнын игеру жобасындағыдай күрделі өндірістік операцияларды қайта жандандыру барысындағы стандартты процесс және ол шектелген уақыт аралығында үзілмелі режимде жүргізіледі", - делінген North Caspian Operating Company компаниясының хабарламасында. 

Еске салайық, 5 тамызда Қашағанда газ шығуға байланысты мұнай өндірісі уақытша тоқтағаны хабарланған.