×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Еуропадан асып түсті: Қазақстандық оқушылар 11,5 ай қашықтан оқыған

11.10.2021, 10:13
фото: Ашық дереккөзден

Ел мектептері 11 ай бойы онлайн білім берді. Қазақстандық оқушылар Еуропа мен ЕАЭО-ға қарағанда қашықтан ұзағырақ оқыды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ЮНЕСКО мәліметі бойынша, COVID-19 пандемиясы білім беру жүйесі жұмысында бүкіл тарихтағы ең ірі ақауға әкелді. Ол 190 астам елдегі 1,6 млрд жуық оқушы оқуына өзгеріс әкелді. Мектептер мен басқа білім беру мекемелерінің жабылуы оқушылар мен студенттер әлемдік контингентінің 94%-де орын алды. Бұл ретте қашықтан оқу дами түсті. Табыс деңгейі жоғары елдерде қащықтан оқумен оқушылардың шамамен 80%–85% қамтылды, ал табыс деңгейі төмен елдерде бұл көрсеткіш 50%-дан төмен болды. Бұндай үлкен айырмашылыққа кедей елдердің интернетке төмен қолжетімділігі себеп болды. Бұл елдер интернеттің орнына мысалы радио мен ТВ сияқты дәстүрлі әдістер пайдаланды, дейді ranking.kz.

Қазақстанда мектептердегі коронавирустық шектеулер ОА, ЕАЭО басқа елдері мен кейбір Еуропа елдері, олардың ішінде дамыған елдерге қарағанда көбірек енгізілді. Мәселен, ҚР мектептері рекордтық 11 ай мен 3 аптаға жабылды, олардың шамамен 2,5 айы толық жабылса, 8 айы мен 3 аптасында ішінара жабылды. Сәйкесінше, ҚР-да қашықтан оқу салдарынан инфрақұрылымға салмақ басқа елдерге қарағанда біршама жоғары болды. Мысалы, Қырғызстанда мектептер бар-жоғы 6,5 айға жабылса, Ресей, Армения мен Өзбекстанда шамамен 3 ай жабық болды. Ал Тәжікстан, Түрікменстан немесе Беларусь сияқты «ковид-диссидент» елдер қашықтан оқуға мүлдем көшпеген және мектептер жабылмаған.

Егер Еуропа елдері туралы айтсақ, мектептер ұзақ мерзімге Польшада (10 ай және 3 апта) және Германияда (9,5 ай) жабылған. Дегенмен қазақстандық оқушылар «қашықтан оқуда» еуропалықтардан да ұзағырақ болған.

Қазақстанда ұзақ қашықтан оқуға шыдауға қолдағы инфрақұрылым мүмкіндік берді, бірінші кезекте – интернетке қолжетімділік. Биылғы бірінші жартыжылдық нәтижесі бойынша, елде интернет ауқымы 98,3% құрады. Бұл ретте, республикада негізінен мобильді интернет пайдаланылады. Мәселен, маусымның соңында елде 16 млн ұялы байланыс абоненті болды. Интернетке қол жеткізе алатындар саны былтырғы сәйкес кезеңнен 6,9% көп екен.

Серіктес жаңалықтары