×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Павел Дуров өмірімізде асыра бағаланатын және дұрыс бағаланбайтын нәрселерді атады

12.10.2021, 13:30
фото: Ашық дереккөзден

Ресейлік миллиардер, ВКонтакте әлеуметтік желісін жасаушылардың бірі Павел Дуров 37 жасқа толуына орай, өзінің ресми Telegram каналында өмірде үш дұрыс бағаланбайтын және жеті асыра бағаланатын нәрселердің тізімін жасады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Ол жақсы психологиялық жағдай үшін ұйқы маңызды екенін айтып, жалғыздықты рухани әрі интеллектуалдық серпіліске жету құралы деп атады.

Дұрыс бағаланбайтындар:

  1. Ұйқы. Ұйқы иммунитетке, шығармашылыққа әрі жақсы психологиялық жағдайға күш береді.
  2. Табиғат. Табиғат – бұл біз өз биологиялық ерекшеліктеріміз бойынша өзімізді жақсы сезінетін орта.
  3. Жалғыздық. Жалғыздық бізге рухани және интеллектуалдық серпіліс үшін еркіндік береді.

Асыра бағаланатындар:

  1. Үлкен қалалар. Үлкен қалалар – бұл ластану, қылмыс пен шу ордасы. Қала ресурстарына қол жеткізу жақсы, бірақ олардан тыс өмір сүрген жақсырақ.
  2. Мейрамханалар. Мейрамханалар – бұл ең баяу әрі ең тиімсіз тамақтану әдісі. Үйде ас әзірлеу дұрыс тамақтануды ұстануға және ас ішіне қосылатын тағамдарды бақылауға мүмкіндік береді.
  3. Ыстық ауа райы. Шуақты ауа райы шаршауға ғана емес, қатерлі ісікпен ауру қаупіне әрі тез қартаюға әкелуі мүмкін. Суық температура керісінше адам жанын, денесі мен ойын нығайтады.
  4. Сән. Тұрақты түрде өзгеріп тұратын тенденцияларға әрдайым сәйкес келуге тырысу – қымбат әрі қажетсіз нәрсе. Ыңғайлы киім таңдау өмірді жеңілдетіп, аса маңызды заттарға орын босатады.
  5. Жылжымайтын мүлік. Жылжымайтын мүлікті сатып алу жиі таңдауды шектейді және күмәнді инвестиция саналады. Жылжымайтын мүлікті жалға алу көшіп-қону мен түрлі орынды зерттеу үшін көбірек еркіндік береді.
  6. Әлеуметтік желілер. Әлеуметтік желілер - ойымызға бөгет болатын пайдасыз ақпараттың тоқтаусыз ағымы. Әлеуметтік желілер біздің бақытымыз бен шығармашылық әлеуетімізге жаман әсер етеді. Осы интернет сервистерден арылу – біз кез келген күні істей алатын ең үздік нәрсе.
  7. Атақты адамдардың кеңестері. Танымал адамдар өздерінің құзыретіне жатпайтын негізсіз кеңестер жиі береді. Өмірде барлық маңызды нәрсе бойынша ғылыми деректер мен сарапшылар пікіріне жүгінген дұрыс.
Серіктес жаңалықтары