×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Қазақстанда жастарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы әзірленіп жатыр

20.09.2022, 13:32
Фото: Ашық дереккөз

Қазақстандық жастар үшін тұрғын үй несиесінің қолайлы шарттарын және тұрғын үй жағдайларын жақсарту қажеттілігін айқындау бойынша зерттеу жүргізіп, жаңа бағдарлама әзірленетін болды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды. 

Зерттеу негізінде бірыңғай жастар тұрғын үй бағдарламасының арнайы жобасы әзірленеді, деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. 

Аталмыш зерттеу жұмысына негіз болған «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының арнайы жүргізген сауалнамасындағы «Сіздің ойыңызша, жастар өздерін сенімді сезініп, дамуға қабілетті болу үшін не қажет?» деген сұраққа респонденттердің 40,9% «Өз баспанасы» деп жауап берді.

Бүгінде жастарға арналған дербес бағдарламалар іске қосылуда. Бұл «Елорда жастары», «Алматы жастары», «Қарағанды жастары», «Әулиеата жастары», «Қостанай жастары».

Жақын арада осындай бағдарлама Атырауда да («Алатау жастары») іске қосылмақ.

Өңірлік тұрғын үй бағдарламаларына қатысу үшін іріктеу критерийлері әр өңірге байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Несие беру шарттары әдетте стандартты болып табылады: бастапқы жарна кемінде 10% болу керек, несие мөлшерлемесі жылдық 5%, несие мерзімі 19 жылға дейін.