×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

"Шала туғандар шетінеген": Министр ана мен бала өлімі ең көп тіркелетін аймақтарды атады

21.09.2022, 16:10
Фото: Ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстандағы бала мен ана өлімі көрсеткіші жоғары аймақтарды атады, - деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Министрдің айтуынша, бала өлімі көрсеткіші 1000 тірі туған бала санына шаққанда 8,3-ке жеткен.

"Бала өлімінің ең жоғары көрсеткіші Шымкент қаласы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында. 60 пайызында шала туған нәрестелер шетінеп кеткен", - деді министр үкімет отырысында.

Сонымен қатар, ол Павлодар, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында ана өлімі көрсеткіші жоғары екені байқалатынын атап өтті.

"Себептер құрылымында акушерлік асқынулар - 70 пайыз, соматикалық аурулар - 30 пайыз", - деді ол.

Сонымен қатар, Ғиният медициналық ұйымдардың кадрлық әлеуетін нығайту мақсатында медициналық кадрларды даярлауға арналған резидентура гранттарының саны 1500-ге дейін ұлғайтылғанын атап өтті.