×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Қазақстан инфляция көрсеткіші бойынша Беларусьті алға жіберіп, екінші орынға тұрақтады

21.09.2022, 18:20
Фото: Ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросы ЕАЭО елдеріндегі 2022 жылдың тамызындағы  жылдық инфляция деңгейі туралы мәлімдеді, деп жазады Ulysmedia.kz

Қазақстан инфляция деңгейі бойынша екінші орында тұр. Қазір елдегі инфляция 16,1 пайыз көлемінде. 

Ең жоғарғы инфляция Беларусьте тіркелген – 17,9%. Үшінші сатыда – Қырғызстан (15,6%), төртінші орында –  Ресей (14,3%), бесінші орында – Армения (9,1%).


Азық-түлік және алкогольсіз сусындардың басым бөлігі Қазақстанда – 21%, алкогольдік және темекі өнімдері – Қырғызстанда – 18,6%, тұрғын үй қызметтері – Беларусьте – 13,8% қымбаттаған. 

Бұл ретте көлік қызметтері бағасының өсуі Беларусьте де байқалды – 28,1%. Ал киім мен аяқкиім Қазақстанда ең көп қымбаттаған (11,7%).