×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Республика күніне байланысты қазан айындағы демалыс күндеріне өзгеріс енді

28.09.2022, 14:17
Фото: Ашық дереккөз

25 қазан – Республика күні мерекесі күнтізбеге қайта оралды. Осыған орай, қазан айындағы демалыс күндерінің кестесі өзгертілді, деп жазады Ulysmedia.kz

2022 жылдың 22 қазанындағы демалыс күні сенбіден дүйсенбіге ауыстырылды. 

Еңбек министрлігінің хабарлауынша, биыл «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға өзгертулер енгізу жоспарланып отыр, онда 25 қазан сейсенбіге сәйкес келетін мемлекеттік мереке – Республика күні болады.

Жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында демалыс күндерінің орны алмасты. 

16 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды. Ал Парламент тиісті заңды қабылдады