×
465.38
483.58
7.69
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
465.38
483.58
7.69

"Елдегі және әлемдегі жағдайға байланысты": Қазнетке не үшін шабуыл жасалып жатыр

28.09.2022, 15:08
Фото: Ашық дереккөз

Қазақстандық интернет сегментіне бірнеше күннен бері кибершабуыл жүріп жатыр. Бұл туралы «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz. 

«Мақсатты кибершабуылдар еліміздің мемлекеттік органдарына, сондай-ақ, Қазнет инфрақұрылымына бағытталған. Кибершабуыл салдаынан интернеттің баяулағаны байқалды. Ұзаққа созылған кибершабуылдар әлемде және елде болып жатқан жағдайларға байналысты», - делінген ресми хабарламада. 

Айта кетелік, 24 қыркүйек күні бірнеше қазақстандық ақпараттық құрылым өз сайтына кіру қиындағанын айтса, “Қазақтелеком” отандық БАҚ-қа шабуыл болғанын растады. 

 Сондай-ақ, 28 қыркүйек күні интернеттің жоқтығына байланысты Алматы әуежайы таңғы рейстерді кешіктірді

26 шілде күні Ulysmedia.kz сайты да шетелдік DDOS шабуылға тап болды. Портал бас редакторы Самал Ибраева мұны редакциялық саясатпен байланыстырған болатын.