×
465.38
483.58
7.69
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
465.38
483.58
7.69

СҚО-да елуден аса ресейлік азаматты тұрғындар үйіне тегін жатқызуда

29.09.2022, 14:20
Фото: Ашық дереккөз

Петропавл теміржол вокзалынан түскен үш жүзден аса Ресей азаматын түн ішінде еріктілер мен тұрғындар, кәсіпкерлер күтіп алды, - деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Олар Ресей азаматтарына тегін ас-су беріп, кеңесімен бөлісіп, тіпті, елуге жуық қонақты үйлеріне қондыруға алып кеткен. 

«320 адам түсті. Олар бірден ақша айырбастау бекеттеріне бет алған еді. Біз оларды күтіп алып, ыстық тамақ дайындаған жерге алып келдік. Одан бөлек, ақпараттық кеңес бердік. Сол түні елу адамды тегін орналастырдық», - дейді ерікті Анастасия Волкова. 

Еріктілердің айтуынша, акция барысында 200 ресейлік азаматқа көмек көрсетілген. 

Айта кетелік, Владимир Путин 20202 жылдың 21 қыркүйегінде ішінара мобилизация жариялағалы бері Ресейдің әр елінен Қазақстанға келушілер көбеюде. 

Бір ғана Солтүстік Қазақстан облысында 21 қыркүйектен бері 28 мың ресейлік азамат келген. Алайда олардың барлығы СҚО-да қалуды мақсат етпейді.