×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Әнші Төреғали Төреәлі қамауға алынды

30.09.2022, 15:25
Коллаж: Ulysmedia.kz

Алматы облысындағы "Көлсай көлдері" табиғи паркінде гид жігітті соққыға жыққан әнші Төреғали Төреәлі қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Бұл туралы облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді.

“Төреғали Төреәлі уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Ол 28 қыркүйек күні Алматы облысы Кеген ауданындағы Ұлттық пар аумағында бұзақылық жасағаны хабарланған болатын. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Бүгін, 30 қыркүйек күні күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына жіберілді.

Тергеуді жүргізуі барысы мен тергеу нәтижесі Алматы облыстық полиция департаментінің бақылауында”, – деп жазды Әбдірахманов.