×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Қысқы дөңгелектер тапшылығы туындауы мүмкін – сарапшы

14.10.2021, 15:45
фото: Ашық дереккөзден

Елімізде енді темір тұлпарларға қысқы дөңгелектер тапшылығы туындауы мүмкін. Сарапшылар осылай дейді. Өйткені ресейлік және қытайлық брендтердің дилерлері қысқы дөңгелектерді аз алған. Тапсырыс 30 пайызға азайған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Астана телеарнасы мәліметінше, дағдарыс жағадан алғанда, жоқшылық етектен тартып жатыр. Жетіспеушілік қысқы дөңгелекке де жетті. Сарапшылардың айтуынша, биыл тауарға тапсырыс 30 пайыз азайған. Сондықтан дефицит болуы мүмкін дейді мамандар.

«Ресейлік және қытайлық брендтердің дилерлері қысқы шиналар көлемін азайтты. Сондықтан мен автокөлік жүргізушілеріне соңғы күнге дейін күтпеуге кеңес беремін. Қар жаумай тұрып, шиналарды сатып алған жөн. Өйткені барлық адамға дөңгелек жетпей қалуы мүмкін», - деді сарапшы Юрий Номикосов.

Дөңгелек бағасы өскен. Сатушылардың айтуынша, былтырғыға қарағанда 15-30 пайызға қымбаттаған.

«Баға мынау теңге мен доллардың айырмасына байланысты кішкене шамалы былтырғыға қарағанда қымбаттау», – дейді кәсіпкер Әмірбек Кәрімов.

Мұны экономистер тасымал құнымен байланыстырады. Өйткені пандемия басталғалы жеткізу құны бірнеше есе артқан.

«Шегерілген сұраныс деген бар. Мәселен мен бір алатын нәрсені өткен жылы алатын болсам үйде отырдым да алмадым. Балаларыма форма дейміз ба, көлімізге заттар дейміз ба, алмадық. Ал бүгінге келгенде сұранысқа бірден шығады да сол жаңағы шинаға да сұраныс көбейіп кетуі мүмкін. Ал сұраныс көбейгенде оның бағасы да өседі», - деді экономист Сапарбай Жобаев.

«Қыстық шина бізде өндірілмейді. Бірқатар өңірде зауыттар болған. Қазір ешқайсысы істемейді. Сондықтан еліміз импортқа тәуелді. Сол себептен баға жағдайға қарай құбыла береді дейді мамандар», - дейді тілші Бекболат Сатуов.

Серіктес жаңалықтары