×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Пандемия кезінде әуе компаниялар шығыны 350 млрд теңгеден асты

14.10.2021, 15:59
фото: Ашық дереккөзден

Сарапшылар авиация саласын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бүгін TransLogistica Kazakhstan 2021 24-ші халықаралық көрмесі шеңберінде "Пандемия кезеңіндегі авиация саласы және саланың инфрақұрылымдық жобалары" атты сессия өтті, дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Қатысушылар Қазақстандағы әуежайлардың жерүсті инфрақұрылымының жұмыс істеп тұрған объектілерін жаңғырту және жаңаларын салу, пандемия кезеңінде әуе тасымалдаушы компанияларды фискалдық және қаржылық қолдау мәселелерін, сондай-ақ халықаралық ұшу бағыттарын ашуға шектеулерді алып тастаудағы кедергілерді талқылады.

Өткен жыл отандық авиакәсіпорындар үшін қиын болды. Ел аумағында ұшулардың тоқтатылуына байланысты 2020 жылы азаматтық авиация компанияларының шығыны 350 млрд теңгеден асты. Бүгін барлық ішкі әуе рейсі қалпына келді. Тасымалданған жолаушылар саны артып келеді. Қазір халықаралық рейстер 20 елге 58 бағыт бойынша аптасына 237 рейс орындайды.

2020 жылы Түркістанда заманауи green field әуежайы пайдалануға берілді. Қазақстан қалаларында терминалдарды, ұшу-қону жолақтарын, аэровокзалдарды салу және реконструкциялау жалғасты. "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасына бес әуежайды (Қостанай, Орал, Қызылорда, Шымкент, Алматы) жаңғырту жөніндегі іс-шаралар енгізілген. Сондай-ақ жергілікті әуе желілерінің сегіз аэродромының (Жәнібек, Казталовка, Сайқын, Арқалық, Сарыағаш, Қарқаралы, Ұлытау, Зайсан) инфрақұрылымын қалпына келтіру жоспарланған.

"Биыл 2-11 тамыз аралығында үйлестірілген валидациялық миссия шеңберінде ИКАО аудиторларының саланы тәуелсіз тексеруі өтті. Алдын ала деректер бойынша, Қазақстан ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін 84% - ға дейін көтерді. Бұл орташа әлемдік көрсеткіштен 15% жоғары", - деді ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев.

Сарапшылар іс жүзінде барлық көрсеткіш бойынша ИКАО стандарттарына сәйкестіктің өскенін атап өтті. Бірінші кезекте "Ұйымдастыру құрылымы" және "Заңнама" бойынша. Ұшу қауіпсіздігі бойынша Қазақстан Нидерланды, Бельгия, Португалия, Чехия (87%), Латвия (86%), Дания (85%), Исландия және Польша (84%) сияқты елдердің деңгейіне жетті.

Серіктес жаңалықтары