×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Елімізде мүгедек балалар саны көбейді

15.10.2021, 11:00
фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанда 700 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Олардың ішінде 100 мыңға жуығы – балалар. Ерекше қажеттілігі бар балалар саны бір жылда 3% өсті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

2020 жылдың қорытындысы бойынша, елімізде 695,3 мүгедек адам тұрады. Бір жылда мүмкіндігі шектеулі қазақстандықтар саны қатты өзгерген жоқ. Олардың ішінде 94,7 мың адам – балалар, бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 3,4% көп, дейді finprom.kz.

Ерекше қажеттілігі бар адамдардың көбі Түркістан (94,1 мың адам), Алматы (68,8 мың адам) және Қарағанды (67,8 мың адам) облыстарында тұрады. Мүгедек балалардың ең көбі Түркістан мен Алматы облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында тұрып жатыр.

Серіктес жаңалықтары