×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Бір басында – 20 үй: Баспанаға бай қазақстандықтар жайлы дерек жарияланды

17.11.2022, 13:42
фото: ашық дереккөзден

Елімізде 6 млн 300 мың адамның баспанасы бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Отбасы банк" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Қазақстандағы үй иелері туралы тың дерек жариялады.

Оның айтуынша, бүгінде 6 млн 300 мың қазақстандықтың баспанасы бар. Олардың 90 пайызында, яғни, 5,6 млн адамда бір пәтерден болса, ал 607 мың азаматта екі пәтерден бар.

Басында үш үйі барлардың қатары 84 мыңнан асса, төрт баспанасы бар қазақстандықтардың саны – 16 мың.

4800 адамның атында 5 үй, 1900 адамның атында 6 үй тіркелген. 942 адам 7 баспананың иесі болса, 147 адам 20-дан аса баспанаға иелік етеді.